- Подробности
-
Категория: №42 (10362) от 18 октября 2018 года
-
Создано 18.10.2018 06:25
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 4845
Елбасының халыққа арнаған Жолдауында негізгі бағыттарды насихаттау және түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат тобы Калинин ауылдық округіне барып, тұрғындармен жүздесті. Топ құрамындағы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сергей Красноголовтың және Калинин сайлау округі бойынша депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Сүндетбай Сапабековтың ауылдықтармен кездесуі қалай өтті?
Ақпараттық топтың кездесуі қазанның 11-ші жұлдызында Калинин ауылдық округіне қарасты Береговое ауылының мәдениет үйінде өтті. Топ мүшелері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттарына аса мән берді. 2018 жылғы 5 қазандағы маңызды құжаттағы халықтың табыс деңгейін жоғарылату, отбасы мен жастар мәселелері, тұрғын үйдің қолжетімділігі аспектілеріне жан-жақты тоқталды.
«Осыған дейінгі Елбасының қай Жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келген. Бүгін жастар мәселесі тағы да елеусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтті, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауы ауылдық округ тұрғындарының тарапынан өзгеше қолдауға ие болды. Себебі, бұл жолы Елбасымыз қарапайым халықтың бірнеше мәрте көтерілген мәселелерін жеке назарына алды. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу алгоритмі Жолдауда анық көрсетілген, бастысы – оны дұрыс орындау»,-дейді топ мүшесі Сүндетбай Сәлімжанұлы.