- Подробности
-
Категория: №5 (10324) от 1 февраля 2018 года
-
Создано 01.02.2018 06:17
-
Просмотров: 3908
Күн тәртібіндегі «Жеморлықпен күрес – заңның ұлықтылығы» және «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» басты тақырыптарымен таныстырып, төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова сөзді баяндамашыларға берді. Сонымен...
Аудан әкімінің орынбасарларының, облыстық, аудандық депутаттардың, жергілікті мекемелер мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен өткен жиында сөз алған Екатерина Джумагли: «Ұлт көшбасшысы маңызды міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның ұлықтылығына аса мән беруде. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда», - дей келе, баяндамасын нақты фактілермен, сандармен толықтырды. Ал, заңгерлік бөлімнің бас маманы Асат Кожахметов өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі міндеттеріне, негізгі жаңа тәсілдемелеріне, өзекті бағыттарына тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері де назардан тыс қалған жоқ. Айта кету керек, қоғамда жиі орын алатын қымбат ішімдік, бір қорап кәмпит, әтір, сағат секілді «алғыс» сыйлықтар да жемқорлық пара болып есептеледі. Сөзіміздің дәлелі ретінде Қостанай қаласының сотында қарастырылған істі тілге тиек етейік.Былтыр мемлекеттік мекеменің басшысы өзінің жұмыс орнында бір қорап кәмпит түріндегі заңсыз сыйлық алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аудан әкімі аппаратының қадр бөлімінің басшысы Ержан Ақпанбетов (фотосуретте) аудан әкімінің жарлығымен құрылған мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың аясында атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманының мәлімдеуінше, былтыр облысымыз бойынша жемқорлық қылмыстары үшін 55 адам, 2016 жылы 45 адам сотталған екен. Қылмыстардың басым бөлігі ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша жасалыпты. Сондықтан, жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатымен мобильді топ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 (пара алу), 367 (пара беру) баптарын оқып білуін сұрады.