Аймереке жетістігі – ата-анасының қуанышы

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_10_10-2018-6.jpgЖақсы қыз – ата-ана мақтанышы. Ал, Аймереке Көпжасар – ата-анасының ғана емес, ауылының мақтанышы болып табылатын жастардың бірі. Ол осы күнге дейін сапалы білімі, саналы тәртібі және жеткен жетістіктері үшін талай рет марапатталды. Әрине, бұл табыстар оңай келіп жатқан жоқ.

 

Қыз баланың ақылды да, инабатты, өнерлі де, өнегелі болып толысуына тек мектеп қана емес, ең алдымен, ата-ана, сонымен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екендігін айтпасақ болмас... Аймерекенің еңбекқорлығын, білімге деген талпынысын, өмірге деген қызығушылығын қолдауда Елизаветин ауылы мектебінің қосып отырған үлесі зор.. Оның жетістіктері жалғыз қыздарын аялап-мәпелеп, саналы тәрбие беріп отырған ата-анасына да зор қуаныш десек артық айтқанымыз емес.

10-сынып оқушысы Аймереке Көпжасар бойындағы қыз балаға тән нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерімен көзге түседі. Аймереке мектептегі сабақтарын үздік оқумен қатар, соңғы бес жыл бойы спортпен шұғылданады екен. Оған қоса, ол өнер жолын қуып жүрген көрінеді. Жанар Дұғалова, Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева сынды эстрада жұлдыздарының ән айту шеберлігіне тәнті Аймереке бос уақытында вокалмен айналысады. Сонымен қатар, мектепішілік «Қазақ жастары» командасының белсенді қатысушысы болып табылады.

«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Ата-ана баласының қай нәрсеге әуес екенін дер кезінде бақылап, оның қызығушылығын дамытуға күш салса, баласы болашақта дұрыс жол таңдайды. Қалай десек те, баланың жетістігі, ең алдымен, ата-анасының қуанышы. «Мен небір шығармашылық сайысқа, спорттық жарысқа немесе олимпиадаға барар алдында анам «ең бастысы – жеңіс емес, қатысу. Сен ешкімнен кем емессің. Мен сені жақсы көремін» дейді. Мені үнемі қолдап, ақыл-кеңесін беретін анашыма да, сынып жетекшім Азиза Қожамбетоваға да ризашылығымды білдіремін», - дей келе, Аймереке барша әйел қауымын, қыздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтайды.

 


Под контролем партии

20.09.2018 06:00

Под контролем партии

В этот вторник Комиссия партийного контроля «Нур Отан» побывала с независимой проверкой на двух строящихся объектах – ограждающей дамбе на...

Забег памяти земляка

20.09.2018 05:58

Забег памяти земляка

15 сентября в селе Тарановское состоялся традиционный легкоатлетический пробег, посвященный памяти Николая Эммануиловича Гейнца, общественного деятеля края, некогда занимавшего должность...

«Саламатты Қазақстан» пойызы Тобылға келді

20.09.2018 05:58

«Саламатты Қазақстан» пойызы Тобылға келді

Өткен жұма күні «Саламатты Қазақстан» пойызы құрамындағы жоғары және бірінші санаттағы дәрігерлерден жасақталған бригада Тобыл кентінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

Защитили честь региона

20.09.2018 05:57

Защитили честь региона

Тарановские спортсмены вернулись с победой с областного этапа чемпионата Казахстана по дзюдо.

Неделя государственного языка началась в районе

20.09.2018 05:56

Неделя государственного языка началась в районе

Неделя, посвященная Дню языков, стартовала в районе.

Следующий шаг - реализовывать инициативу

20.09.2018 05:55

Следующий шаг - реализовывать инициативу

Первый зампредседателя Тарановского районного филиала партии «Нұр Отар» Айнаш Даданова провела разъяснительную работу по пяти инициативам главы государства с участием...

Шаг к удобной жизни

20.09.2018 05:53

Шаг к удобной жизни

Тарановские пенсионеры будут изучать IT–технологии.

О любви к казахскому языку

20.09.2018 05:50

О любви к казахскому языку

По рассказам Ярослава Ильченко изучать казахский язык он начал благодаря друзьям казахской национальности.

«Пилотный» этап всеобщего декларирования

20.09.2018 05:48

«Пилотный» этап всеобщего декларирования

С января 2020 года казахстанцы ежегодно будут обязаны декларировать свои доходы и имущество, и уже до конца нынешнего года районное...

Утро в Наурзумском бору

20.09.2018 05:45

Утро в Наурзумском бору

Группа местных туристов посетила достопримечательности Наурзумского района.

 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане